23 Қараша, 2016

Универсиада: Ұлан сарбаздары тіл меңгеруде

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
dsc_93451Біз бұған дейін де алдағы күндері Алматыда өтетін қысқы Уни­версиадаға 30 мыңға жуық шетелдік турист келе­ді деп болжанып отырғанын хабарлағанбыз. Жарыс өт­кізіліп жатқан күндері қала қонақтары мен турис­тер­дің адасып кетпеулеріне, діттеген жеріне оңай жетулеріне жауапты ұйымдар бар. Соның бірі – Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571-әскери бөлімінде Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімшарт негізінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен магистранттары ағылшын тілінен курстар өткізуде. Әскери қызметшілері мен мерзімді қызмет сарбаздарына өткізілген курстар ағылшын тілін күнделікті қарапайым қа­рым-қатынас тілінде үйретуді қарастырады. Жоғарыда атап өт­­кендей, жөн сұраған, жол сұра­­ған адамға белгілі бір бағыт­ты көр­сете білуі үшін Ұлттық ұлан­­ның әскери қызметшілеріне ағыл­­шын тілінің тілдесу мәде­ние­тін меңгеру міндеттелген болатын. Сонымен, ағылшын тілін халық­­аралық дәрежеде меңгер­ген аталмыш университеттің жиыр­маға жуық оқытушысы мен магистранты әскери қыз­мет­шілердің аз ғана уақытта шет тілінің қарапайым сөйлесу-тілдесу түрін үйренуі үшін барын салды. Жедел курстарға көптеген оқу-әдістемелік құрал­дарын да ала келіп, орыс және қазақ тіл­дерінде аптасына үш сағаттан сабақ­тар өткізді. Сабақ­тар батальон құрамындағы роталар буы­нында топтарға бөлі­ніп өткі­зілді. 9-рота сарбаздарына тәлім берген университет магист­ранты Назерке Смағұл: «Жалпы әскери қызметшілер мен сарбаздарға ағылшын тілінің «Elementary», яғни қарапайым деңгейі бойынша сабақтарды өткізу барысында байқағаным, жауынгерлердің басым бөлігі шет тілінің бастапқы деңгейін меңгерген, бұл − қуантарлық жайт. Ұлттық ұлан қатарына көбіне жоғары білімді азаматтар қабылданатындықтан, ағылшын тілінің алғашқы деңгейін білуі заңды да», дейді. Сар­баздармен бірге сабақ­тарға қатысқан 9-рота коман­дирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Тұрсынбай Акбаров: «Біздің ротадағы сарбаздардың бір­қатары­ның жоғары және арнайы орта білімі бар. Өткізілген сабақтар барысында олар тілді меңгеру деңгейлерін естеріне түсіріп, оқытушымен бірге білімдерін пысықтады», деді. Мұндай курстар алдағы апталарда Қаракемер кентінде орналасқан Ұлттық ұланның 6654-бөлімінің оқу бекетінде жалғасады. Айта кетейік, Алматы қала­сын­да 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында өткізілгелі отырған 28-ші қысқы Универсиада кезін­де мыңнан аса Ұлттық ұлан жауын­герлері қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын күзететін болады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10