23 Қараша, 2016

Қаржы тартудағы қарқын

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбе инвестиция салуға қолайлы да тартымды облыс болып отыр. Соңғы бес жылда өңірге салынған инвестициялар 12,6 млрд АҚШ долларын құрайды. Оның 36 пайызы немесе 4,7 млрд доллары шетелдік инвестициялардың үлесіне тиесілі. Бес жылдың қорытындысына сәйкес шетелдік инвестициялар тарту бойынша Ақтөбе елімізде Атыраудан кейін екінші орынды иеленді. Яғни, бұл Астана және Алматы қалаларын басып озды деген сөз. Өңірдің негізгі инвесторлары Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия және басқалар болып табылады. – Бүгінде облыста шетелдік ка­пи­талдың қатысуымен 700-ден астам кәсіпорынның жұмысы қар­қын­ды жүргізілуде. Олардың қа­та­рында CNPS мұнай және газ кор­порациясы, Еуразиялық топ (ERG), Ресей мыс компаниясы, сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Түркия және басқа да елдерден инвесторлар бар. Бұл біздің өңірде инвестор­лар үшін барлық жағдайдың жаса­лып жатқандығының дәлелі мен олар­дың әл-ауқатын жақсарту мақ­са­тында атқарылып жатқан жұ­мыс­тар­дың жемісі, – дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дархан Ермағамбетов. Айта кетейік, үстіміздегі жыл­дың қыркүйек айында «AKTOBE INVEST-2016» IV халықаралық ин­вес­тициялық форумы өтті. Форум ая­сында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында 152,4 млн АҚШ доллары болатын 14 меморандумға және 2 келісім-шартқа қол қойылған болатын. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10