23 Қараша, 2016

Республикалық бюджет туралы заң жобасы мақұлданды

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгін ҚР Парламенті Мәжісілінің жалпы отырысында «2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz. Депутаттарға заң жобасын Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Өксікбаев таныстырды. Сондай-ақ, маңызды отырыста «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы да талқыға түсті. «17 қарашада «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы ҚР Парламентінің Сенатында қаралған болатын. Алайда, өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, республикалық бюджеттің 2017-2018 жылдарға арналған жобасына 4 түзету енгізді. Оның ішінде 3 түзету Алматы қаласының бюджеттік алу көлемін жыл сайын 1,8 млрд теңгеге азайтуға байланысты. Аталған қаражат Универсиада-2017 өткізу үшін салынған «Алматы-Арена» және «Халық Арена» көпфункционалды екі мұз кешенін күтіп-ұстауға арналған. Осы объектілерді күтіп-ұстауды Алматы қаласы бюджетінің есебінен жүргізу жоспарланып отыр», - деді ол. Сондай-ақ, Омархан Өксікбаев Сенат енгізген өзгерістер аталған заң жобасына кері әсер етпейтіндігін атап өтті. «Сенат енгізген 1 түзету Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуге байланысты 7-қосымшаның тақырыбын өзгертуге байланысты болған. Алайда Сенат енгізген түзетулер жалпы заң жобасының негізгі концепциясына кері әсер етпейді. Осы орайда Қаржы және бюджет комитеті ҚР Парламентінің Мәжілісінен Сенат енгізген өзгерістерді қабылдауды сұрайды», - деді ол. Осыдан кейін ҚР Парламенті Мәжісілінің жалпы отырысында депутаттар заң жобасына дауыс беріп, маңызды құжат мақұлданды.
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10