23 Қараша, 2016

Халықаралық ұйым: ҚР - антиядролық қозғалыстың көшбасшысы

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
0c13952cd46d41f39ec86e4fcf85ba44_xl «Мэрлар бейбітшілікті қолдайды» беделді халықаралық ұйымы 2020 жылға дейін ядролық қаруды жоюды көздейтін «Арман 2020» атты көлемді кампания ұйымдастырды, деп хабарлайды "24 Хабар" арнасы. Қазақстан 1982 жылы құрылған «Мэрлар бейбітшілікті қолдайды» қозғалысының алдыңғы қатарында келеді. Ұйымның үйлестірушісі Рэнди Райделдің пікірінше, БҰҰ да қарусыздану мәселелері бойынша Қазақстанның амал-тәсілдерін қолдайтын ұлттар қауымдастығы қалыптасты. Әлемнің барлық аймақтарын қамтыған ұйымның қатары күн сайын артып келеді. Райделдің айтуынша, кейбір елдер бұл мәселені абстрактылы деп санайды, ал Қазақстан болса, ядролық қарудың баршаға қауіп төңдіріп тұрғанын айқын дәлелдеп берді. - Ядролық қарудың ең үлкен арсеналына ие болған және аумағында жүздеген ядролық сынақ өткен елдің осындай шешім қабылдауы – батыл қадам. Сондықтан Қазақстанның аты аталған мәселені қозғауға моральдық тұрғыда қақысы бар. Қазақстанның нақты дәлелдемелері әлем халықтарының назарын осы бағыттағы бастамаларға аударып, қолдау көрсетуге шақырады. Ел Президенті – ядролық қарусыздану саласының шынайы көшбасшысы. Ядролық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында атқарған Қазақстанның елеулі еңбектерін атап айта келе, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтаймын! Қауіпсіздік Кеңесі жас мемлекетке көптеген мәселені көтеруге мүмкіндік береді, деді «Мэрлар бейбітшілікті қолдайды» ұйымның үйлестірушісі Рэнди Райдел.  
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10