Аталмыш ассоциация президенті Ирина Савостина азық-түлік бағаларының, әсіресе, соңғы уақытта тым қымбаттап бара жатқанын, ең төменгі деңгейдегі және қалыпты зейнетақы арасындағы алшақтық өте үлкен екенін тілге тиек етті. Зейнетақы реформаланған кезде көп жағдай ескерілмеген, зейнетақы заңнамалары жақсартып жетілдіруді тілейді.
Өз кезегінде Ғани Есенгелдіұлы көтерілген мәселелердің көкейкестілігі мен дұрыстығын, көп жылдан бері Ирина Алексеевна басқарып келе жатқан «Поколение» ассоциациясы зейнеткерлердің, жалпы ардагер қауымның әлеуметтік құқықтарын қорғауда айтарлықтай игі істер тындырып отырғандығын атап көрсетті. Осы арада маған қойылған көптеген сұрақтарды мен еліміздің Премьер-Министріне жолдаймын. Себебі, мен президенттікке кандидатпын. Сол үшін өзімнің үгіт науқанымды жүргізудемін. Демек, бүгінгі проблемалар үшін менен гөрі Үкіметтің, тиісті министрліктердің халық алдында ашық та бүкпесіз жауап бергені әділеттірек болар еді, деді Ғ.Қасымов.
Одан әрі президенттіктен үміткер зейнеткерлердің қалың тобы ешқандай жеңілдіктерге ілікпей қалғандығына қынжылыс білдірді. Сондықтан да зейнетақыны қайта есептеу, арқаулық зейнетақыны көтеру бүгін таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі деп есептейтінін айтты. Сонымен бірге, Ұлттық қорымыздың қуаты азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын, қоғамның әлеуетін жақсартуға қызмет етпесе, онда үмітті ақтамағаны дей келе, Ғ.Қасымов өз бағдарламасында Ұлттық қордың белгілі бір бөлігі зейнеткерлердің, ардагерлердің, ана мен баланың мұқтаждарына, білім беруге жұмсалуы тиіс деп көрсетілгенін алға тартты. Сөйтіп, ол өз бағдарламасының әлеуметтік тұрғыдан басымдығына көпшілік назарын аударды.
Ғ.Қасымов төменгі зейнетақының 13-14 мың теңге ғана екендігімен, күн сайын таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін сүркілдеп жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерінің 23 мың теңге ғана, ал жоғары білікті дәрігердің шамамен 40 мың теңге алатындығымен келісе алмайды. Бұлар – әлеуметтік қана емес, өте маңызды мемлекеттік мәселелер. Сондықтан, мен президенттіктен үміткер ретінде осы сұрақтарға Премьер-Министрдің жауап беруін талап етемін, деді ол.
Бұдан әрі Ғани Есенгелдіұлы біздің қоғамдағы әйел мәселесі туралы ойларына өріс берді. Ер азаматтардан гөрі әйелдерде жақсы қасиеттер көбірек. Олар сергек, аяғыш, әр нәрсеге жанашыр, кемшілікті көргіш. Сондықтан, билікте, мемлекеттік қызметте, Парламентте, министрлердің арасында әйелдер қазіргіден әлдеқайда көбірек болуы тиіс. Осылай дей келе, өзі президент бола қалса, биліктің барша тармақтарындағы әйелдер үлесін 30 пайызға жеткізетіндігін мәлімдеді.
Сондай-ақ Ғани Қасымов оппозициялық басылымдардан өзінің саяси тұғырнамасын жариялауды талап етті. Мұның өзі барлық саяси партиялардың қарапайым мүшелері менің тұғырнамамды оқып, әділ бағасын беруі үшін, кімнің кім екенін білуі үшін қажет, деді ол.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.
Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08