23 Қараша, 2016

"Қайраттың" жаттықтырушыларына айыппұл салынды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016112316462553842_1

Бүгін Қазақстан футбол Федерациясының бақылау-тәртіп комитетінің отырысы өтіп, алматылық "Қайрат" командасының жаттықтырушыларына айыппұл салынды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы өзінің сайтында хабарлады.

«Қазақстан футбол федерациясы "Қайраттың" бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзеге матчтың ресми өкілдеріне бейәдеп сөз айтқаны үшін 300 мың теңге айыппұл салады", - делінген ҚФФ сайтында.

Дәл осындай әрекеті үшін "Қайрат" жастар командасының жаттықтырушылары Сергей Лабодовский мен Андрей Травинге де 100 мың теңге көлемінде айыппұл белгіленді.

Соңғы жаңалықтар