23 Қараша, 2016

«Алтын домбыраның» сыйақы көлемі белгілі болды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
44fc5ff8198e5a33fc4294a24f348cc2 Алматыда 3-4 желтоқсан күндері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» ақындар айтысы өтетіні белгілі. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан өткен айтыстың сыйақы қорының көлемі биыл да сақталатын болды. Яғни, бас бәйгені иеленіп, «Алтын домбыра» мүсініне қол жеткізген ақынға 3 миллион теңге сыйақы беріледі. Айтыс «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Алматы қаласы әкімдігінің демеушілігімен өтетінін айта кету керек. Республика сарайында өтетін айтыста Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Қалижан Білдәшев, Болатбек Оразбаев, Жансая Мусина, Шұғайып Сезімхан, Ринат Зайытов, Иранғайып Күзембаев, Сара Тоқтамыс, Мақсат Ақанов, Аспанбек Шұғатаев, Ержан Әміров, Ершат Қайболдин, Сырым Әділбек, Еркебұлан Қайназаров, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Өміржан Көпбосын, Шалқарбай Ізбасаров, Әсем Ереже сынды жиырма ақын бақ сынамақ. Ақындардың өнерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Тазабек, «Дарын» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы сынды танымал ақындардан жасақталған қазылар алқасы бағалайтын болады. Нұрхан САМАРХАН
Соңғы жаңалықтар