Ақтау қаласында Жібек жолы елдерінің арасындағы саудаға жәрдемдесу және жеңілдетудің кедендік әкімшіліктерінің 7-ші халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форумның жұмысына Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмірин, Түркия Республикасының Кеден және сауда министрлігінің вице-министрі Ремзи Акчын, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Грузияның кедендік қызмет басшыларының бірінші орынбасарлары, сондай-ақ «Ақтау» және «Баку» теңіз порттарының басшылары қатысуда.
Отырысты ашқан Ғұсман Әмірин Қазақстан әлемдік экономикалық және интеграциялық процестердің тең құқылы қатысушысы ретінде халықаралық сауданың дамуына, бизнес саласындағы бәсекеге қабылеттіліктің жоғарлауына, кедендік органдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді шаралар атқарып жатқандығын атап өтті.
Форумда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев сөз сөйледі. Ол қатысушыларға аймақтың саудалық және тасымалдық әлеуеті туралы айтып берді. Нақты Ақтау теңіз порты мен салынып жатқан Құрық теңіз портының қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы баяндады.
Жиынға қатысушылар өз елдерінің кедендік әкімшілендіруді оңтайландырудың түрлі механизмдерін қолданудың, Өкілетті экономикалық операторларды мойындау және алдын-ала ақпарат беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыстың бірінші бөлігін қортындылай келе, Ғұсман Әмірин Жібек жолы елдерінің кедендік органдары кедендік процедураларды оңтайландыруға маңызды назар аударатындығын айтты. Бұл кедендік заңнаманы бірігейлендіру, өткізу пунктерін заманауи техникамен жабдықтаумен, сондай-ақ әлемдік саудаға жәрдемдесу бойынша кедендік органдардың белсенді іс-қимылымен байланысты. Жиынның қорытындысында Ақтау декларациясы қабылданады деп күтілуде.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше