Алматы орталық мешіті мұсылмандардың Мәуліт мерекесіне орай, «Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед Мұстафа ﷺ» деген тақырыпта Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды, деп хабарлады muftyat.kz.
Бас жүлде – қажылық.
Бәйге шарттары:
- Бейнеролик мазмұны Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;
- Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;
- Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;
- Бәйгеге қатысатын ролик еш жерде жарияланбаған болуы;