23 Қараша, 2016

Астанада 8 мыңнан астам нысан заңдастырылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
231116-nisan Осы жылдың қарашасындағы ақпарат бойынша Астанада 38 млрд. 517 млн. теңгенің 8 224 нысаны заңдастырылған, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Азаматтардан жалпы сомасы 111 млрд. теңге болатын 9 023 өтініш түскен. Соның ішінде 69 млрд. 550 млн. теңге соманың 11 016 тұрғын үй нысаны, 42 млрд. 288 млн. теңге соманың 11 725 тұрғын үй емес нысаны, 22 млрд. 872 млн. теңгенің 1 132 коммерциялық нысаны, 457 млрд. 949 млн. теңге соманың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының 5 үлесі бар. Сонымен бірге, Астана қалалық Мемлекеттік кіріс органдарына 1 млрд. 054 млн. теңгенің сомасына 16 нысан бойынша 17 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың 6 млн. 250 мың теңге соманың 3 үлесі заңдастырылды. Ақшаны заңдастыруға келсек, аталған кезеңде 584 млрд. теңгенің 687 арнайы декларациясы тапсырылған, соның ішінде есепшотқа салмастан, 944 млн. 230 мың теңге заңдастырылды, одан 94 млн. 423 мың теңге көлемінде 10% алым жиналды. 10 млрд. 807 млн. теңге соманың құнды қағаздары заңдастырылды. Айта кетейік, елімізде мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қырқүйегінде басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар