23 Қараша, 2016

Канада 2030 жылға таман электр қуатын көмірсіз өндіруге көшпек

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
231116-komir Канада 2030 жылға таман электр қуатын өндіруде көмірден толық бас тартпақ. Бұл туралы осы елдің Қоршаған ортаны қорғау министрі Кэтрин Маккенен мәлімдеді, деп хабарлады neftegaz.ru. Бұл шара ауаға парниктік газды шығару көлемін азайту үшін жүзеге асырғалы отырған соңғы қадам. Сондықтан электр қуатын өндіріп шығару үшін көбіне көмірді қолданатын 4 аймақтың ошақтары одан бас тартуы тиіс немесе табиғатқа қауіпті заттарды сүзіп алатын қондырғы қоюы керек. Бұған қоса 2018 жылы көмірқышқыл газын таратқаны үшін салық та салынбақ. Дегенмен Канадада электр қуатының 80%-ы көмірсутекті қолданусыз өндіреді екен. Айта кетейік, Канада көмір өндіруден әлем бойынша 12-орында тұр. Ал елдің электр энергиясының 80%-ы көмірсутекті қолданбайды, бұл көрсеткішті 2030 жылға таман 90%-ға арттыру жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар