23 Қараша, 2016

«Астана Арена» стадионы матч кезінде жылы болады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
231116-stadium УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы «Астана» – АПОЭЛ ойыны кезінде «Астана Арена» стадионындағы ауа температурасы 12 градус жылы болады, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Стадиондағы ауа температурасы 12 градус жылы болады. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін бар күшімізді салып ойнаймыз. Асхат Тағыберген, Агим Ибраими, Патрик Твумаси сияқты мықты ойыншылардың жоғына, оның үстіне маусымның соңы екеніне қарамастан, командадағы көңіл күй жақсы», – деді матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының ойыншысы Азат Нұрғалиев. Спортшының айтуынша, АПОЭЛ «Астанаға» таныс топ. Сондықтан, қонақтарды жеңуге болады. «Астана» командасы В тобында соңғы орында тұрса да, УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығатындай үміті бар. Ол үшін «Астана» командасы АПОЭЛ-ді жеңіп, «Олимпиакос» командасының «Янг Бойз» командасынан жеңілуін тілейді. «Астана» – АПОЭЛ арасындағы матч 24 қараша күні, кешкі 22.00-де басталады.
Соңғы жаңалықтар