16 Наурыз, 2011

Мүмкіндіктері мол аурухана

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталы­ғын­да ашылған туберкулез ауруынан емдейтін аурухананы «100 мектеп, 100 аурухана» бағ­дар­ла­ма­сына орай жү­зеге асқан жұ­мыс­тардың бірі деп санауға болады. Осы ауру түрімен сырқаттанушылар қатарын 2020 жылға дейін 20 пайызға азайту мәселесі биылғы Жолдауда да айтылды. Әрине, Жолдаудан туындаған ойлар заманауи үлгіде салынған ауруханалар арқылы орындалып жатса, аурулар санының азаятынына да күмән жоқ. Облыс орталығындағы бұл аурухана 210 адамға арналса, емханасы күніне 100 адам қабылдай алады. Жаңа нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. 100 миллион теңге бөлінді. Бұл күндері аурухана жарқыраған жаңа келбетке еніп, ауру жандар денсаулығын емдеуге көшкен. Аурухана құрамындағы төрт терапевтік бөлімшеде 67 дәрігер, 176 орта деңгейдегі медициналық қызметкер еңбек етуде. Сонымен қатар, медициналық қалдықтарды жоюға арналған цех ашылды. Бұл басқа емдеу орындарына да мүмкіндік тудырды. Аурухана цехтың арқасында жылына 2 миллион теңге үнемдей алады. Су тазартатын шағын құрылғылары да бар. Ауласы қоршалып, орталықтандырылған бейнекамералар орнатылған. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.