Елордадағы журналистер үйінде Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің «Жамбыл Ахметбековтің халықтық үш бастамасы» атты жаңа сайлауалды бағдарламасына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының өкілдері, журналистер қатысты.
Шара барысында ел президенттігінен үміткер сайлаушылар аманатына сүйене отырып, кедейшілік, жұмыссыздық, тарифтердің өсуі сынды мәселелерді қозғады.
«Жаңа әлеуметтік бағыт шеңберіндегі бірінші бастама» – бұл күнкөрістің ең төменгі көрсеткішін көптеген өркениетті елдерде қолданылатын стандарттар бойынша анықтау әдісін енгізу. Аталған әдіс халықтың кем дегенде жартысы тұтынатын тауарлар мен қызметтерді ең төменгі тұтыну бюджетінің құрамына қосуға негізделген. Орта есеппен алғанда Қазақстан үшін ол адам басына шаққанда 200 000 теңгені құрайды. Мысал ретінде қарастырсақ, дамыған елдерде халықтың орташа табысының 40-50 пайызы кедейліктің ең жоғарғы шегі болып есептеледі», – деді кандидат өз сөзінде.
Сондай-ақ, ол қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің бірінші рет жұмысқа орналасуларына мемлекеттік кепілдік беруді енгізуге бастамашы болатынын айтты. «Бірінші жұмыс орнына кепілдік беру жас маманнан жұмысқа орналасуы кезінде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс өтілін сұрау секілді кедергіден шығарар жол болып табылады. Басы артық оқу орындары, мамандығы бойынша жұмыс істеу, дипломы бар жұмыссыздар, кәсіби біліктілігінен айырылу, жұмыссыздар саны мен білікті кадрларға деген сұраныстың сәйкес келуі – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі, проблемалары. Қазақстан – халқы жас мемлекет. Сондықтан әрбір азамат өзін өзі қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болуы тиіс», деген ойын жеткізді бұл турасында Ж.Ахметбеков.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесін де көтерді. «Елімізде жүргізіліп отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саясаты құрылыс, коммуналдық және энергетикалық монополияларды байытуға бағытталған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтердің тарифтері мен бағалары өте жоғары және үздіксіз өсу үстінде, ал олардың сапасы бағаларына сәйкес келмейді. Халықтың коммуналдық төлемдерді төлеуге мүмкіндіктері азайып отыр. Үшінші бастамам ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының тарифтері мен бағаларын азайтуды ұсынамын», деді президенттіктен үміткер.
Ж.Ахметбеков аталған үш бағыттың елдің саяси келбетін, оның даму жолын өзгертетініне, «әлеуметтік мемлекет» конституциялық формуласына сәйкес келтіретініне сенетінін жеткізді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.
-------------------------------
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:09
Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Балалар • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43