16 Наурыз, 2011

Көкейкесті мәселелер қозғалды

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Президенттіктен үміткер Мэлс Елеусізов бұрнағы күні Өскеменге келіп, екі кездесу өткізді. Оның біріншісі ақпарат құралда­ры өкілдерімен, екіншісі Д.Серікбаев атын­дағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқытушы­лары­мен және студенттерімен болды. – Өскемен маған бөтен қала емес, бұрындары болған кезімде де қала­ның күрделі экологиясы жайлы тиісті орындарға тұрғындардың арыз-мұң­да­рын жеткізгенмін. Сондықтан қала тұрғындары сайлау күні оған бел­сен­ді­лікпен қатысып, өз таңдауын жа­сайды деген ойдамын. Жалпы, сай­лау­ға белсенділікпен қатысатын үл­кен­дер жағы мен қариялар, ал жастар болса бей-жай, салғырт қарайды. Ал үйле­рінде отырып алып, сайлау әділ өтпейді дегендер табылып қалады. Егер халық сайлауға белсенділікпен қа­тысса (мә­се­лен, 90 пайыз), ешқан­дай артық әңгіме болмас еді. Алқа­ның екінші жағы бар дегендей, небәрі 20 пайыз қатысса, әрине, дауыстың бір жаққа ауысып кетуі мүмкін, – деді президенттіктен үміткер Мэлс Елеусізов ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде. Табиғат пен қоршаған ортаны қор­ғау мәселесіне келгенде, үміткер кө­сі­ліп сала берді. Қазір дүние жүзін­де ауыз судың тапшылығы байқалып отыр. Көрші Қытай Ертістің едәуір бө­лігін бөгеп, соның салдарынан Қа­зақ­стандағы Ертіс және Балқаш өзен-көлдерінде су тапшылығы сезіле бас­тады. Арал трагедиясы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Дүние жүзі халқы күн­нің жылынуы салдарынан мәң­гі­лік мұздықтардың ери бастауына алаңдаушылық білдіруде. Егер мұз­дық­тар еріп кетсе, әлемде су тап­шы­лы­ғы туып, соңы апатқа ұласпақ. Сон­дықтан президент бола қалсам, осы мәселелер басты назарда болады. Ал енді күні кешегі Жапониядағы жер сілкінісі мен цунамидің салдары­нан мыңдаған адам қаза тапқаны жай­лы айтатын болсақ, мен ертеден елімізде атом стансаларын салуға қар­сы­мын. Жапониядағы атом станса­сын­дағы өрт, егер апат бола қалған жағ­дай­да, екінші Чернобыль болар еді. Сон­дықтан Қазақстанда атом станса­ла­рын салуға негіз жоқ. Оның орнына жел қуатын пайдалану арқылы арзан электр қуатын пайдалану әлдеқайда тиімді. Өскеменнің экологиясы нашар. Мұнда тек «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғана қоршаған ортаны қорғау бағытында ауқымды шараларды жүзеге асырып, жыл сайын миллиардтаған теңге қаржы жұмсауда. Ал басқалары үнсіз. Кандидаттың бұл айтқандары зейінмен тыңдалды. «Зейнеткерлік жасын қысқарту жө­нін­де ойыңызды білсек?» деген сауалға келетін болсам, шынында да еркектер үшін – 63, әйелдер үшін 58 деген жас тым ұзақ. Сондықтан зейнет жасын бұрынғысынша 60 және 55-ке түсіруге мен қарсы емеспін. Қазір жер-жерде азық-түліктің бағасы шарықтап кетті. Оның бағасын тұрақтандырумен жеткілікті деңгейде шұғылданбай отыр­мыз. Бүгін менімен осындағы бір қа­рия кездесуге ниет білдіріпті. Ша­ма­сы, осы жайларды айтпақ сияқты. Ең бастысы, адамдардың денсаулығын ойлап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлемін, деді президенттіктен үміткер М.Елеусізов. Сол күні кешкілік М.Елеусізов Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік техни­калық университетінде ұстаздармен және студенттермен кездесіп, өзінің бағдарламасымен таныс­тыр­ды. Студенттер белсенділіктерін тоқ­тат­пау­­ла­ры тиіс, сіздерге мемлекет барлық жағ­­­дайды жасап отыр. Сондықтан сай­лауға бел­сенділікпен қатысыңыздар, деді үміткер. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.