18 Наурыз, 2011

Жастар форумы – жақсы істер бастауы

587 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе фи­лиалында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты облыстық жастар форумы болып өтті. Форумда облыс әкімі Елеусін Са­ғын­дықов қысқаша сөз сөйлеп, өң­ір­де жастар саясатын жүзеге асы­ру­дың бағыт-бағдарына тоқталды. Ол сондай-ақ, елімізді дамытудың «Қазақ­стан-2030» және «Қазақ­стан-2020» стратегия­лық бағдар­ла­малары мен биылғы Жолдауда жастар саясатын жүзеге асыру­дың басым бағыттары айқын­дал­ғанын, енді осы міндеттерді ор­ындау қажеттігін атап өтті. Мемлекетіміз жастардың білім алуына, білікті маман болуына әр­дайым қолдау көрсетіп келеді. Бұл бағытта біздің өңірде жастармен жұмыстың тәуір тәжірибесі қалып­тас­қан. Жастар саясатына бөліне­тін қаржы көлемі де жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ақ­төбелік жасотандықтардың «Ау­ыл­дың гүл­денуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасын елі­міздің бар­лық өңірлерінің жас­тары қол­да­ды. Облыста былтыр осы мара­фон-эстафетаға 70 мың­ға жуық жас қатысты. Олар 10 миллиард тең­генің жұмысын ат­қар­ды, мыңдаған шақырым жол жиектеріндегі ағаш­тарға күтім жа­салды. 300 елді мекен абаттан­ды­рылды. Марафон-эстафетада есе­лі еңбек еткендерге 64 жеңіл автокөлік, 1000 ноутбук және Астана қаласына демалып қайтуға 2000 жолдама берілді, дей келіп, өңір басшысы Жолдауда ай­тылған әлеуметтік қолдауды жүзе­ге асы­ру және студенттер мен білім алушы жастарды қолдау мақса­тын­да облыстық жастар форумын өт­кізудің және жастар өкілдеріне ар­найы ақшалай сыйлықтар та­ғай­ын­дау­­дың дәстүрге айналға­нын жеткізді. Жастар жиынында Ақтөбе мем­­лекеттік институтының рек­то­ры, экономика ғылымдарының док­торы Ғалымжан Нұрышев, осы инсти­туттың студенті Айгүл Жыл­қай­дарова және Құдайберген Ж­ұ­банов атындағы мемлекеттік уни­вер­си­те­тінің студенті Сұлтан Мә­житов сөз алып, елімізде жастар мәселесіне оң көзқарас таны­ты­лып, олардың білім алуына, ғы­лыммен айналы­суы­на және ең­бекке орна­ласуына қолдау көрсе­тіліп отырға­нын атап өтті. Фо­румға «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқа­ру­шы хатшысы Нұр­лан Өте­шов, Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты жө­ніндегі департа­мен­тінің директоры Мәдияр Қо­жах­метов қатысты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе.