18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №477

271 рет көрсетілді
2010 жылғы 26 қазан, Астана қаласы Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы   А.БЕКТҰРОВ. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығымен бекітілді Азаматтық және экспериментальды әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу ережесі 1 - тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Азаматтық және экспериментальды әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу танулық және қо­сым­ша белгілер енгізу ережесі (бұдан әрі – Ере­же) «Қазақ­стан Республикасының әуе кеңіс­тігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қа­зақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына және «Әуе ке­мелерінің ұлттық және тіркеу белгілері» халық­аралық азаматтық авиация ту­ралы Кон­вен­цияға 7 қосымшаның талаптарына сәйкес әзір­ленді (Чикаго, 1944 жыл). 2. Ереже Қазақстан Республикасының азамат­тық және экспериментальдық әуе кемелеріне мем­лекеттік, тіркеу, тіркеу танулық және қо­сым­ша белгілер енгізу тәртібін белгілейді. Ереже метерологиялық мақсатта пайда­ланы­латын зонд-шарларға, ұшқышсыз басқарыл­май­тын аэростаттарға, сондай-ақ аса жеңіл авиация аппараттарына (дельтоплан, параплан, мотопараплан және моторсыз планерлер) қолданылмайды. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланы­лады: 1) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілісі – Қазақстан Республикасы әуе кемелеріне, оған құқықтарға және онымен жасалынатын мәмілелерге мемлекеттік тіркеу жасалынатын құжаты; 2) аса жеңіл ұшу аппараттары – ең жоғары ұшу массасы 750 кг дейін қоса алғанда моторлы және моторсыз ұшу аппараттары; 3) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзiнiң қызметiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға. 4. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелері мемлекеттік тізіліміне енгізілген ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік және тіркеу тану белгісі салғаннан кейін ұшады. Бұл ұшу сынақ, тәжірибе-конструкторлық жә­не ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ар­нал­ған экспериментальды әуе кемелеріне тарамайды. 5. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген бар­лық әуе кемелеріне мына: 1) тану белгілері енгізіледі: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тану белгі азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) берген UP – латын алфавитінің екі бас әріпі түріндегі белгісі; ою-өрнек және қосымша белгілері жоқ латын алфавитінің бас әріптері қисынынан және араб цифрынан тұратын әуе кемесінің тіркеу тану белгісі; 2) қосымша белгілері. Бір мезгілде басқа елдердің мемлекеттік белгісін енгізуге болмайды. 6. Әуе кемелер пайдаланушымен (авиакомпаниялармен) бекітілген бояу үлгісімен текст сипат­тамаға сәйкес боянады. 2 - тарау. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін енгізу тәртібі 7. Әуе кемесінің фюзеляжы мен қанатына енгізілетін мемлекеттік және тіркеу тану белгілері. 8. Әуе кемесінің фюзеляжда белгілер фю­зеляждың (немесе ұқсас конструкциясы) әрбір бүйірлеріне қанаттардың арасына және арттағы қанаттануының бетіне енгізіледі. Әріптер мен белгілер фюзеляждың құрылыс көл­денеңімен бір бағытта қарастырылуы тиіс жә­не көлденеңге қатаң тік сызық енгізілуі тиіс. Бір белгінің символдары кемінде 300 мм жә­не 1000 мм аспайтын бірдей биіктікте болуы тиіс. Фюзеляжға енгізілген белгінің символының биіктігі бос орынның болуына байланысты ба­рынша белгінің мүмкін болатын ұзындығы бо­йын­ша белгіленеді. Фюзеляждың (немесе ұқсас конструкциясы) қанаттарының арасына және арттағы қанат­та­нуының бетіне белгі енгізу арттағы қанат­та­нуының тік жоғары жартысына әуе кемесінің құрылыс көлденеңіне паралель бір жолмен енгізіледі, ал көп килі бар әуе кемелеріне – шеткі килінің сыртқы бетіне енгізіледі. 9. Әуе кемесінің қанатында қанат конструк­циясының төменгі бетіне бір жерге орнату. Олар қанат конструкциясының төменгі бетінің сол жақ жартысына егер олар барлық бетін басып жатпаса орналастырылады. Белгілер қанаты жиектерінің алдыңғы және артқы бірдей қашықтықта орналастырылады. Әріп­тер мен цифрлардың биіктігі қанаттың ал­дыңғы жиегіне бағытталуы және кемінде 500 мм және 1500 мм-ден аспайтын биіктігі болуы тиіс. 10. Әуе кемесі конструкциясының көлемі айыратын белгілердің қажетті көлемін қондыруға мүмкіндік бермейді, ұсынылған пропорцияларды сақтай отырып, ең жоғары көлемге дейін кішірейтуге рұқсат етіледі. 11. Мемлекеттік және тіркеу тану белгілері ашық фонда күңгірт түспен, күңгірт фонда ашық түспен орындалады. Барлық символдар атмос­фе­ралық жағдайларда түрін өзгертпейтін, әуе кемесін пайдаланылған кезде өшпейтін суға тұрақты бояумен енгізіледі. Мемлекеттік белгінің тіркеу белгісінен дефиспен айыруға болады. 12. Барлық символдар мен дефистер фонмен жақсы үйлесетін жалпақ жолақпен және осындай түспен орындалады. Әрбір символдың ені (І әр­пінен және 1 цифрынан басқасы) және дефистің ұзындығы символдың ұзындығының үштен екі бөлігін құрайды. Жолақтың қалыңдығы символ­дың биіктігінің алтыдан бір бөлігін құрайды. 13. Әрбір символ алдыңғы немесе одан кейінгі символдан арақашықтығы оның төрттен бір ені бө­лігін құрайтын арақашықтықпен бөлінеді. Осын­дай жағдайда дефис жеке символ болып табылады. 14. Тікұшақтарда мемлекеттік және тіркеу тану белгілері фюзеляждың немесе құйрық бөлігінің жамбас жағының бетіне әуе кемесінің элементтері болмаған бөлігіне енгізіледі. 15. Әуе кемесінің көрінетін жерінде басты кіретін есіктің қасына мемлекеттік және тіркеу тану белгілері көрсетілген тақтайша бекітіледі. Тақ­тайша 70 х 120 мм. мөлшерде отқа төзімді материалдан жасалады. 3 - тарау. Әуе кемелеріне қосымша белгілерін енгізу тәртібі 16. Азаматтық әуе кемелерінде қосымша келесі белгілер енгізіледі: 1) пайдаланушы (авиакомпания) атауының жа­зылуы фюзеляждың бетіне екі жағынан (Қа­зақ­стан Республикасы қорғаған адамдар тасы­мал­дау үшін тағайындалған әуе кемелерінен басқасы); 2) пайдаланушының (авиакомпания) эм­бле­ма­сы тік жазықтық арттағы қанаттануының екі жағынан; 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Жа­лауының бейнесі мөлшері мемлекеттік және тіркеу тану белгілерінің мөлшерлеріне сәйкес фю­зеляждың тұмсық бөлігінің екі жағынан (Қа­зақстан Республикасы қорғаған адамдар тасымал­дау үшін тағайындалған әуе кемелерінен бас­қасы); 4) әуе кемесінің түрін көрсету фюзеляждың екі жағынан, тік шрифтпен, фонға қанық. Дайындаушы завод енгізген әуе кемесінің түрі деген белгіні сақтау ұсынылады. 17. Қазақстан Республикасы қорғаған адамдар тасымалдау үшін тағайындалған авиакомпания­лардың әуе кемелеріне қосымша келесі белгілер енгізіледі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жа­лауының тік жазықтық арттағы қанаттануының екі жағынан енгізіледі; 2) Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі мен «KAZAKHSTAN» деген жазу фюзе­ляждың ортаңғы бөлігінде екі жағынан; 3) пайдаланушы (авиакомпания) атауы мен эм­блемасы жазылуы фюзеляждың бетіне екі жа­ғынан енгізіледі. 18. Медициналық көмек көрсету және сани­тарлық іс-шара жүргізу бойынша ұшатын әуе кемелері ақ түске боялады, оларға Қызыл крест жә­не Қызыл жартыай бейнесі енгізіледі. 1) қанаттың үстіңгі жағында соңғы бөлігінің ортасында әр жазықтықта мемлекеттік және тіркеу танитын белгілері жоқ жерлерге; 2) соңғы қанаттануының жоғары тік жазы­ғында екі қатарына (немесе көп кильдік қанат­тануының шеткі кильдің сыртқы қатарына) орнала­сады. Айқаспа осінің біреуі әуе кемесінің бойлық осінің флюзеляжына жанаспа болуы керек. 19. Тікұшақта Қызыл крест және Қызыл жартыай бейнесі екі бортының ортаңғы жағынан және фюзеляждың табанына енгізіледі. 20. Әуе кемелерін жердің әртүрлі бояу мен рельефі фонында көрінуін, ерекшелігін және табы­луын қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаның ландшафтының бояуы мен суреті бойын­ша қарама-қарсы реңдегі бояумен қолданылады. Қарама-қарсы реңдегі бояу негізінен қиын өтетін жерлерде және халық аз қоныстанған жерлерге тұрақты әуе кемелеріне қолданылады. 21. Қосымша белгілер әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін визуалды тануды қиындатпайтын тәсілімен енгізіледі. 4 - тарау. Әуе кемелерінің сыртқы бояуының сызбасына қойылатын талаптар 22. Әуе кемелерінің сыртқы бояуының сыз­басы 1:100 масштабында үш кесінде; жанынан, үстінен және астынан орындалады. Бояу сыз­басын 1:200 или 1:250 масштабында орын­дауға жол беріледі. 23. Сызбада түрлі-түспен әуе кемесінің сырт­қы бояуы, авиакомпаниясының атауының орна­ласқан жері мен түстік үйлесімі және оның эмблемасы, әуе кемесінің түрі, мемлекеттік және тіркеу тану белгілері көрсетілуі тиіс. 24. Әуе кемелерінің сыртқы бояуының сипаттамасына қойылатын талаптар: 1) фюзеляж – тұрған жерінің төменгі және жоғарғы бөлігінің түсін, жолақ бортының (егер бар болса) түсін және мөлшерін көрсету; 2) қанаты мен көлденең сүйеніші – бетінің, ұштарының жоғарғы және төменгі бояуының түсін көрсету; 3) тік сүйеніші – килдің бояуының түсін және рулінің бағытын, орналасқан жерін, жолағының (егер болса) түсі мен мөлшерін көрсету; 4) әуе кемесінің түрін авиакомпанияның атауы мен эмблемасын жазуы – фюзеляж және тік орналасқан бояуының үйлесімін, қанаттануының мөлшерін көрсету; 5) мемлекеттік және тіркеу тану белгілерінің осы Ереженің 8-тармағына сәйкес орналасуы; 6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Жа­лауының осы Ереженің 16-тармағының 3) тар­мақшасына және 17-тармағының 1) тармақ­шасына сәйкес орналасуы; 7) Қазақстан Республикасы Елтаңбасының осы Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес орналасуы. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6649 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар