Оның айтуынша, соңғы жылдары мемлекетте бензин өндіру көлемі айтарлықтай азайған. Сондықтан қазір негізінен шетелден сатып алынады.
Айта кеткен жөн, былтыр Мексиканың мемлекеттік мұнай-газ компаниясының қара алтын өндіру деңгейі соңғы 26 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. Ал биыл 1 қаңтардан бастап елде жанармай бағасы бірден 20%-ға қымбаттады. Соның кесірінен жаппай ереуілдер мен тәртіпсіздіктер белең ала бастады. Наразылық шарасына қатысушылар жарты мыңға жуық дүкенді тонап, мұнай өңдеу зауыты мен шикізат қоймасына баратын жолдарды жауып тастаған.