08 Қаңтар, 2017

Қытай билігі легионерлер сатып алатын футбол клубтарын қатаң жазаламақ

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытай билігі шетелден легоионерлер сатып алатын футбол клубтарын қатаң жазаламақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қытайдың sports.sohu.com сайтының жазуына қарағанда енді жергілікті спорт және дене шынықтыру басқармасы футбол клубтарының трансферлік шығынына және легионерлердің жалақысына шектеу қойып, олардың орынына өз елдерінің спортшыларын тартпақ. Аталған сайтта «Біз футболшыларды өте қымбат бағаға сатып алғуға шектеу қоямыз. Алдағы уақытта бұндай бассыздық болмайды. Қытайдың футбол клубтарында өз өрендеріміз ойнауы тиіс. Шетелден өте қомақты қаржыға легионер шақырғанша өзіміздің 21-23 жас аралығындағы жастарымызды ойынға тартуымыз керек. Өзге елдің футболшыларын сатып алатын ақшаны өз баркерлеріміздің біліктілігін арттыруға жұмсаймыз», - деп жазған қытай билігі. Естеріңізге сала кетейік, жақында қытайдың Суперлигасына шыққан «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубы испаниялық шабуылшы Диего Коста үшін «Челсиге» ұсыныс жасаған болатын. Егер ұсыныс қабылданған жағдайда қытай клубы оған 80 миллион еуро төлеуге дайын екендігін жеткізген. Айта кетейік, «Тяньцзинь Цюаньцзянь» командасын әйгілі итальян қорғаушысы Фабио Каннаваро жаттықтырады. Бүгінде қытайда Халк, Оскар, Эсекьель Лавесси, Рамирес, Джексон Мартинес, Жервиньо және басқа да танымал футболшылар доп тебеді.