Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналысы – Құрылтай Төрағасы Константин Толкачевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан-Башқұрт қарым-қатынастарын, оның ішінде парламентаралық іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Қ.Тоқаев атап өткендей, башқұрт делегациясының келуі парламентаралық байланыстарды белсенділендіру тұрғысынан да, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жағынан да пайдалы болады. «Қазақстан мен Ресейді ең жақын, одақтастық және әріптестік қатынастар байланыстырады», – деді Төраға.
Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өте келіп, Төраға бауырлас халықтар арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту жайында айтты. Сенат қызметіне қатысты Қ.Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі жоғары заң шығару органының маңызды рөлін атап өтті.
Башқұртстан делегациясының басшысы Төрағаны БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады. К.Толкачев сондай-ақ Қазақстан-Ресей қатынастарын, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту, заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу үшін Қазақстанға сапарының маңызды екенін атады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.