09 Қаңтар, 2017

Еңбектің өрінде, өнердің төрінде

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық халық шығармашылығы үйінің 55 жылдығына арналған «Еңбек пен өнер егіз» атты кәсіпорындар мен мекемелер көркемөнерпаздарының дәстүрлі облыстық байқауы өткізілді. Жыл сайын бұл байқаудың маз­мұны өзгертіліп отырады. Бұл жолғы байқау кәсіп­орындар мен мекемелер көр­ке­мөнер­паздарының арасында ұйымдас­тырылды. Байқауға қатысуға 7 кәсіп­орын мен мекемеден өтінім түскен екен. Байқаудың шартына сай қатысушы команда­лар 10 минуттың ішінде өздерінің бағдар­ламасын ұсынды. Сонымен қатар, байқау аясында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ел тарихы мен мәде­ниеті тақырыбында әртүр­лі қағаздан, ағаштан жа­салған бұйымдар, киізден тігілген, оюмен өрнектелген ұлттық киімдер және басқа туын­дылар қойылды. Бұл көрме көпшілік көңілінен шығып, келушілерді ұлттық қолөнерімізбен таныс­тырды. Байқауда командалар көрермендер мен қазылар алқасына музыкалық және шығармашылық компо­зиция­­ларын ұсынды. Жарқынай Күзембаева жетекшілік ете­тін Мәртөк аудандық оқушылар үйі бірінші орынды жеңіп алды. Байғанин ауданының «Ақбұлақ» ко­мандасы екінші орынды иеленді. Жетекшісі – Жадыра Ермекбай.Үшінші орын Бағдат Құсайынова бастап шыққан Ойыл ауда­нының «Балдырған» бала­бақ­шасының командасына бұйырды. Байқау жеңім­паздары мен қатысушы ең­бек ұжымдарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ