Бүгінгі қазақ қоғамында өзіндік орны бар, сан алуан пікір мен ой додасының қайнаған ортасында шаршамай жүрген Зәкір Асабаев ағамыздың қазақ журналистикасына сіңірген елеулі еңбегіне тоқтамай өту мүмкін емес. Ұзақ жылдар «Мәдениет және тұрмыс» журналының жауапты хатшысы қызметін атқарды. Қазақстандағы бұл басылымның қазақ оқырманына 520 мың (!) данамен таралған жылдары осы Зәкең ағамыздың журналдың «бас штабын» басқарған кезімен тұспа-тұс келіп тұруының өзі де көп жайтты аңғартса керек. Алпыс жыл бойы ақ параққа шұқшиып, сөз маржанын терген көсемсөзші, прозашы ағамыздың бүгінгі таңдағы қаламгерлік-еңбекқорлығы қасиеті емей немене – соңғы алты жылда айтары мол алты кітап шығарып та тастапты.
Әдебиет майталманын әдебиетшілердің Алматыдағы ақордасында құрметтеу салтанаты да айрықша ізетпен өтті. Ресми баяндама жасалынған жоқ. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының атынан басқарма бастығының орынбасары Жанарбек Әшімжан құттықтап, қаламгерге лайықты сый-сияпат жасады. Белгілі ғалымдарымыз Зейнолла Әйтімов, Нұриддин Балқияев Зәкеңнің көпке, әсіресе жас буынға ұлағат болар болмысы мен табиғаты туралы, шығармаларының қоғамдық сипаты туралы әңгіме шертті. Танымал жазушылар Бексұлтан Нұржеке, Ахметжан Әшіри, Сатыбалды Нарымбетов, Жақау Дәуренбеков, Мағира Қожахметова қаламгер-қайраткер Зәкір Асабаевтың шығармашылығы, өмірдегі шынайы болмысы туралы жарасымды да жағымды пікірлерін ортаға салды. «Дәстүр» баспасынан – «Ешкім білмейтін айла», «Білім» баспасынан – «Өмір өрнектері», «Ана тілі» баспасынан – «Маэстро», Герольд Бельгер аудармаларын қазақша аударған, мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген кітаптарының қай-қайсысы да оқырманның жүрегінен орын алары сөзсіз деген тұжырым жасалды.
Салтанат үстінде шиырып сөз сөйлеген құрмет иесі күнделікті өмірде тілектес, ниеттес жүрген достары мен қаламдас інілері Амантай қажы мен Өрісбек Шомановқа, Жақсыбай Қасымбеков пен Оңғар Исаевқа, ақын, драматург, сазгер Мырзахан Ахметовке және басқаларына шын көңілден алғысын білдірді. Кәсіпкер Арыстан Жұмағұлов пен ақын інісі Қасымхан Бегмановқа ілтипатының ерекше екені туралы айтып өтті.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40
Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27
Алматыда 16 шетелдік елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 09:06
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше