09 Қаңтар, 2017

Адамды ұжым тәрбиелейді

540 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
img_0108Мен сіздердің басылымдарыңыздың тұрақты оқыр­ман­дарының бірімін. Өзімнің мамандығым мұғалім бол­ғандықтан, газет беттеріндегі жаңалықтардан ха­бардар болып отырамын. Мұғалімдерге арналған «Тәлім» беті мені де қызықтырды. Қазақ халқының тұң­ғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов «Адамға наннан кейінгі керегі – мектеп», деген болатын. Ал, мектептің ті­регі де, соғып тұрған жүрегі де – ұстаз. Ұстаздық қыз­мет етіп жүргеніме жиырма жылдың жүзі болды. Қо­ғамымыз тез қарқынмен дамып отырған кезеңде, біл­ім саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы анық. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – қазіргі заман талабы. Елбасымыздың көреген сая­сатының арқасында елі­­міз өсіп, өркендеуде. Мек­тебіміз бала саны аз, ауылды жердегі шағын мектеп. Ауылымызда түр­­лі ұлт өкіл­дері тұрады. Мек­­те­біміз ара­лас мектеп бол­­ған­дық­тан, мемлекеттік тіл­дің мәр­те­бесін көтеруге, ана ті­лі­міз­дің қадір-қасиетін артты­руға ерекше мән бере­міз. Шалғай ауылда тұрсақ та, мәртебеміз қаладан кем емес. Елбасының «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары ар­қа­сында жаңа мектепке де қол жеткіздік. Ауыл бала­ла­ры қазіргі заманға сай жаб­дықталған зәулім де кең ғи­маратта білім алу­да. Жаңа мектебімізде оқу­шы­­лардың жақсы білім алу­ы­на барлық жағдай жа­сал­ған. Кең аумақты спорт залы, акт залы, асханасы, кі­тап­ханасы, екі компьютер ка­бинеті, интер­ак­тивті тақта, линга­фон, мул­ьтимедиа ка­­бинеті, пән кабинеттері көз­дің жауын алардай жаб­дық­талған. Интернет же­лісі де қосылған. Осы мүм­кін­діктерді дұрыс пай­да­ла­на білу ұстаздар қау­ы­мын­ың игі мақсаттарының бірі. Мектебімізде ат­қа­ры­лып жат­қан іс-ша­ра­лар оның айқын дәлелі.Ұжы­мы­мызда тәжірибелі, те­рең білімді, үнемі ізде­ніс үсті­нде жүретін, шы­ғар­ма­шы­лықпен жұмыс іс­тейтін алдыңғы қатарлы ұс­т­аздар аз емес. Біздің мектебімізде тәр­бие мен білім қатар жү­ре­ді. Айтулы мерекелерде ашық тәрбие сағат­тары, сыныптан тыс іс-шаралар, сыныптар арасында түрлі сайыстар, ашық есік күн­дері, қайырымдылық шаралары өткізіліп жатады. Жыл сайын мектебімізге келген жас­ мамандарға ұжымымыз өз іс-тәжірибелерін бөлісіп, кә­сіби шеберлікке шыңдап, ең­бек етуге бейімдеп отырады. Н.А.Островский айтқандай, «Ұжым әрқашан адамды­ көтеріп, оны аяғынан тік тұр­ғы­зады». Гүлдана КОШЕКЕЕВА, әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы