09 Қаңтар, 2017

Ақсақалдар ақылдасты

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ-дың Ақсақалдар ке­ңе­сі­не зияткерлік және біл­ім беру деңгейін арттыруға айрық­ша ең­бек сіңірген, оқу орнының ғылым, мәдениет және рухани мүмкіндігінің дамуына зор үлес қосқан тәжірибесі мол бе­де­лді ғалым­дар кіріп отыр. Оқу орнындағы кезекті басқосуда ақсақалдар кеңесі бі­­лім мен ғылыми-зерттеу қыз­­ме­тінің жетілдіру жолдары жай­ында хабардар болып, инфра­­құрылымдық дамудың ин­вес­­тициялық жобаларымен танысты. Ғылымға еңбек сіңір­ген қайраткерлер – ҚР ҰҒА академиктері Сұлтан Сартаев, Арықбай Ағыбаев, Мем­ле­кет­тік сыйлықтың лауреаты Зұлхайыр Мансұров, тарих ғы­лым­дарының докторы Уахит Шәл­екенов, ҚазКСР-інің еңбек сіңір­ген жаттықтырушысы Анатолий Арещенко және тағы басқалар жа­ғымды өзгерістерді тілге тиек етті, университеттің даму стра­тегиясын қолдап, батасын берді. Ақсақалдар, әсіресе, QS рейтингінде ҚазҰУ-дің әлемнің үздік 200-топ университеті қа­тарына енуін жоғары бағалап, уни­верситеттің Орталық Азия мен ТМД-дағы көшбасшылық ор­нын атап өтті. «Әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ мой­ын­далған халық­ара­­лық беделге ие, әлемнің мың­­даған уни­вер­ситеттері рей­тингіндегі оның жоғары көрсеткіші еліміз үшін үлкен же­тістік болып саналады. Бұл – Мемлекет басшысы алға қой­ған Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына ену мақсатын жүзеге асыруға жә­не «Мәңгілік Ел» құруға қосқан университеттің нақты үлесі», – деді академик Сұлтан Сартаев.