09 Қаңтар, 2017

Дәріханалар мен мейрамханаларды жалдау құны өсті

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы мейрамханалар, қоғамдық тамақтандыру және өндірістік орындарды жалға беру бағасы 1,5%-дан өсті, ал паркингтерді жалға беру 5,1%-ға арзандады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. 2016 жылы дәріханаларды жалға беру бағасы 4,3%-ға, валюта айырбастау пункттері 2,8%, өнеркәсіптік базалар — 2,3%, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станциялары – 2,2%, дәмханалар – 2%, дүкендерді жалдау 1,7%-ға қымбаттаған. Көлік жуу орын-жайларын жалға беру бағасы 2,3%, шаштараздар мен сұлулық салондарын – 1,9%, банк филиалдарына арналған орын-жайлар – 0,8%-ға төмендеді.