10 Қаңтар, 2017

Қырғызстан халқының саны 6 млн-нан асты

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы Қырғызстан халқының саны 6 миллионнан асты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап. Қырғызстан халқының саны 2016 жылы 5 млн 990 мың 006 адамды құраса, ал 2016 жылдың соңында 6 млн 89 мың 859 адамға жеткен. 2016 жылғы есеп бойынша, Қырғызстан халқының саны 99 мың 853 адамға немесе 1,67 %-ға өскен. Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы елде 162 мың 329 адам туылып, 38 мың 516 азамат көз жұмған. Халық санының табиғи өсімі 123 мың 813 адамды, көші-қон өсімі - 23 мың 960 адамды құраған.