10 Қаңтар, 2017

Мұнай бағасы екі апталық минимумға түсті

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана уақытымен бүгін таңғы 11:30-да Брент маркалы мұнай бағасының құны 54,99 долларға дейін құлдырады. Ал таңғы 03:00 де Лондон қор биржасында шикізат құны 23 желтоқсаннан бергі минимумға дейін арзандап, барреліне 54,78 долларға бағаланды. Нәтижесінде, бүгін KASE-нің таңғы сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 332,64-ке дейін қымбаттады. Ал кеше кешкі сессия қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 331,14 теңге болған еді. Естеріңізге сала кетейік, осы аптада мұнай бағасы 57 долларға дейін жақындап, теңгенің бағамы 330-ға дейін түскен еді.