10 Қаңтар, 2017

Қазақстан Еуропадағы ірі туризм көрмесіне қатысады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170110185901 Қазақстан Испаниядағы туризм көрмесіне қатысады, деп хабарлайды ҚР ИДМ Турзм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали. 2017 жылдың 18-22 қаңтар аралығында Мадрид қаласында FITUR-2017 туриндустриясының 36-шы халықаралық көрмесі өтеді. Ол Еуропа аумағындағы ірі туристік іс-шаралардың бірі. Биылғы жылы көрмеге 165 елден 9500-ден астам туристік нарықтың кәсіпқойлары қатысады. «FITUR» көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық стендын «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің ақпараттық қолдауымен ұсынады.