10 Қаңтар, 2017

Головкин: Дэниэл - менің мықты қарсыласым

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орта салмақтағы WBA/WBC/IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық журналистермен кездесу барысында 18 наурызда Дэниэл Джейкобспен өтетін айқасқа өзінің көзқарасын айтты, деп хабарлайды Sports.kz. «Бұл  - біз үшін керемет айқас. Дэниэл - менің мықты қарсыласым. Бұл тамаша жекпе-жек. Әрине, желтоқсанда үшінші айқасты өткізгім келген, алайды наурызға дейін күтуге тура келеді. Бір жағынан, бұл - дұрыс шешім, себебі дайындалатын уақытым көп болмақ. Бастапқыда Джейкобспен айқасқым келеді, келесі жекпе-жектер көп болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда Дэниэлмен өтетін жекпе-жек мен үшін өте маңызды, себебі ол тек бизнестегі емес, спорттағы да мықты қарсыласым деп есептеймін. Қандай әрекет жасаймын? Әзірге білмеймін, әр айқас түрліше өтеді», - деп айтты Головкин.