10 Қаңтар, 2017

Мәжіліс депутаттары БҚО-да болды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ake-urmash Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Татьяна Яковлева және Аманжан Жамалов БҚО-ға жұмыс сапары кезінде Зеленов ауданы активімен, сондай-ақ Орал қаласында «Квант» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Депутаттар Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылындағы Достық үйінде болып, осындағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Актив жиынында аудан әкімі Кәрім Жақыпов астықты әрі өндірісті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Мәжіліс депутаттары Елбасы бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы әңгімелеп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Депутаттар Г.Қарағұсова, А.Жамалов, Т.Яковлева сондай-ақ өңірге танымал жиһаз шығарумен айналысатын «Квант» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, олардың да ұсыныс-пікірлеріне ден қойды. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың атап өткеніндей, Елбасымыз шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетумен бірге олар өндіретін өнім көлемін көбейту міндетін қойғаны белгілі. Егер ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесі молайса, түсетін салық та артады. Ең бастысы, кәсіпорындар жаңа технология негізінде өндіріс тұрақтылығы мен өз жұмыс әлеуетін сақтай отырып, халыққа қажетті, сапалы өнім өндіруге бағыт ұстауы тиіс. «Аудандар мен Орал қаласындағы кездесулер кезінде айтылған құнды ұсыныс-пікірлер Үкіметке дейін жеткізіліп, жұмыс барысында ескерілетін болады», - деді А.Жамалов.