11 Қаңтар, 2017

Ауа райы қолайсыздығынан екі облыста жол жабылды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабық, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК. Шығыс Қазақстан облысында 10 қаңтар күні сағат 17.00-ден  ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Воскресеновка -Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка» (40-48 км а.Шелехова- а.Зенковка) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Сағат 20.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Чарск-Бақыршық» (0-42 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Алматы облысында 10 қаңтар күні сағат 18.30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды. Ал  сағат 20.30-дан бастап «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолдың 40-ші мен 80-ші шақырымында барлық автокөліктерге жабық.