11 Қаңтар, 2017

Қытай Pokemon Go ойынына тыйым салды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытайдың Баспа, радио, кинематорграфия және телеарналар бойынша мемлекеттік басқармасы Pokemon GO ойынын заңсыз деп таныды. Мемлекет билігі аталған ойынды азаматтар өміріне тым қауіпті деп есептейді. Бұл туралы Reuters хабарлады. Агенттіктің айтуынша, Қытай билігінің бұл шешіміне осы ойынға байланысты болған көптеген оқиғалар әсер еткен. Сонымен қатар ойын барысында қолданылатын географиялық ақпаратты үнемі қолдану да алаңдаушылық тудырған. Niantic студиясындағы ойынды жасаушылар агенттіктің сұрауына жауап бермепті. Естеріңізге сала кетсек, Pokemon GO 2016 жылдың 6 маусымында іске қосылған.