Қар қалашығында елордаға тап болғандай әсерге бөленесіз
Тауық жылында айыртаулық бүлдіршіндер ерекше қуанышқа бөленді. Орталық алаңда композициялық құрылымы ерекше көз тартатын қар қалашығы пайда болып, оның бой көтеруіне қырыққа жуық мекеме-кәсіпорын атсалысты.
Бүгінгі күні ел символына айналған Астананы жергілікті жерде «тұрғызу» жөніндегі аудандық әкімдіктің идеясын жастар, мектеп оқушылары секілді еріктілер де қолдап, көмектерін берді. Сөйтіп, жұртшылық демалып, серуендейтін жерде көз жауын алатын 20-дан астам нысан орнатылды. Олардың ішінен ұзындығы үш метрге дейін жететін Ақорда ерекше көрінеді. Сол сияқты Бәйтерек, Бейбітшілік сарайы, Алтын адам мүсіндері де айнытпай салынып, хас шеберлердің қолынан шыққанын айғақтайды. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кесенесі де бейнеленген.
Қар қалашығынан жылдың басты нышаны – Тауықты, Аяз ата мен Ақшақарды, сондай-ақ, ертегілер кейіпкерлерін де кездестіруге болады.
Осылайша, билік орнындағылар өскелең ұрпақ бойына елордамыз жайлы танымдық мағлұмат берудің және де бойларында отаншылдық сезімін нығайтудың өзгеше тәсілін ойлап тапқан.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56