11 Қаңтар, 2017

Ажалдан арашалап қалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
33 жастағы Венера Вели­канова бірінші сыныпта оқитын ұлымен қас қараймай тұрып күре жолға жетіп алуды ойлайды. Алайда, На­гор­­ное елді мекенінен трас­саға де­йін­гі арақашықтық алыс бол­ма­­ға­­н­ы­мен, долы жел ыш­қына со­­ғып, айналаны ақтүтек боран­ға ай­­нал­­дырып жібереді. Не­гізгі бағ­­дар­­дан адасқан аналы-ба­ла­лы екеу беті ауған жаққа жү­ре береді. Әл­­дері құрып, қатты шар­­шайды. Қы­­сыл­­шаң шақта Ве­не­­ра­ның есіне қал­­та­с­ында ұялы телефоны бары тү­­се­­ді. «112» нөмірі арқылы тиісті орын­­­­дар­мен хабарласып, мүшкіл жағ­­­­дай­­­­ларын баяндайды. Бірақ қай тө­­ңі­­­­ректе тұрғандарын айта алмайды. Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Петр Мартынюк бастаған жеке құрам із кесу шараларына жұмыла кірісіп, оларға жергілікті би­лік органдарының өкілдері, тұрғындар да қосылады. Түнгі ондар шамасында еріктілердің бірі Вячеслав Кон­дратюк пен Дмитрий Бизиков баласын құшағына қысып, ес-түссіз жатқан Венера Вели­канованы кезіктіреді. Суыққа әбден ұрынып, үсікке шалдығудың аз-ақ алдын­да қалған олар дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, жатқызылады. – Ұлым жансақтау бөлімінен жал­пы палатаға ауыстырылды. Өлім мен өмір арасында жан­талас­­қан бізді құтқаруға атса­лыс­қан адамдарға алғысым шек­сіз. Төтен­ше жағдайлар жөнін­дегі қызметтің жолға шық­пау жөніндегі ескертуіне құ­лақ аспаудың салдары неге ұрын­ды­рарын білетін болдық,–дейді В.Великанова көзіне жас алып. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы