11 Қаңтар, 2017

«Мобильдік құлдықтан» құтылуға болады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарап отырсақ, аяқталған жылда телекоммуникация нары­ғындағы елеулі оқиғаның бірі – ұзақ жыл ұстаған нөміріңді ауыс­тырмай-ақ оператор алмастыру болды. Демек, нөмір қалады, ал «мобильдік құлдықтан» құтылуға болады. Ұялы байланыс саласы­на мұндай қызметтің енгізілуі нарық­тағы бәсекені күшейтіп, бар­лық мобильдік операторларды абоненттеріне тиімді тарифтер ұсынуға мәжбүрледі. Ал енді осының нақты нәти­жесі қандай болды десек, 2016 жылы 200 мыңнан астам қазақ­стан­дық «мобильді құлдықтан» құты­лған. Яғни, өткен жылғы 1 қаң­­тар­дан бастап 31 желтоқсанға де­йін MobileNumberPortability (опе­ра­­т­ор­лардың арасында нөмір­лерді көшіру) қызметі қолжетімді бол­ғаннан кейін, 203 719 абонент осы қызметті пайдаланған. «Көшірілген нөмірлердің орталық дерек қоры» МТҚ рес­пуб­­ликалық мемлекеттік кәсіп­орны­нан алынған мәліметтер бойынша, 2016 жылы MNP өтулері бойынша абоненттердің таза келуі Tele2 операторында анық байқалады. Бұл байланысқа көшкен абоненттер саны – 37 015. Ал Аltel-ге келгені 2 551 абонент. Осы аралықта Beeline компаниясынан 5 997 або­нент, Kcell операторынан Activ сауда белгісін қоса алғанда 62 227 адам кеткен. Сол сияқты шамамен 28 мың абонент өзінің бұрын­ғы опе­раторына оралуды қош көріпті. Өсу статистикасына сәйкес, нарық­та бағалары аса төмен және 4G интернетімен жақсырақ қам­тылған операторлар үлкен сұра­нысқа ие болғанын айта кетуге болады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ