Ежелден келе жатқан Наурыз мерекесі туралы суреттер байқауы Қазақстанның «SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілерінің арасында өткізілді. Бұл конкурсты ENRC көмек корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен ENRC Қазақстан компаниясы ұйымдастырды. Шығармашылық жарыста жеңімпаздар да, жеңілушілер де болған жоқ: барлық жұмыстардың авторлары корпорациялардың бағалы сыйлықтарына ие болды.
2008 жылы ENRC мұндай қайырымдылық акциясын Астана, Алматы және Теміртау қалаларындағы балалар ауылдары арасында өткізген болатын.
Бұл жолғы байқауға 70-тен астам сурет келіп түсті. Олар қарындашпен, фломастермен, акварельмен және түрлі бояулармен салыныпты. Олардың арасынан таңдап алынған табиғат көріністері ENRC Қазақстанның корпоративтік открыткаларынан орын алды.
Компания өкілдерінің қолынан жаңа ұялы байланыс телефондарына, плейерлермен басқа да техникаларға ие болған балалар үлкен қуанышқа кенелгендерін жасырмады. Еуразия табиғи ресурстар корпорациясы мұндай конкурстарды келесі жолы тағы да өткізетін болады.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.