2016 жылғы 28 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- Алматы облысының мынадай білім беру ұйымдары:
1) «Ушинский атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
2) «Герасимовка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сапақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
3) «Дзержинск орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тоқжайлау орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
4) «№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Омар Молдағожин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
5) Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Ақши орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөлек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Қаратұрық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Таусүгір орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.К.Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ұлан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Райымбек ауданының «Жайдақбұлақ орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сейдахмет Босқынбаев атындағы орталау мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) «Сарқан аудандық білім бөлімінің Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) «Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі – «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Нүсіпбек Исахметов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б.САҒЫНТАЕВ