Ата заң • 21 Ақпан, 2026

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева азаматтарды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі бейнежазбасында 15 наурыз еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтті. Ол ел тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырды.

«Құрметті қазақ елі! 15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», деді өнер иесі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Соңғы жаңалықтар