13 Қаңтар, 2017

Ботай мәдениеті туралы фильм тағы түсіріледі

1848 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ботай 2 ботайАйыртау аймағында ор­на­ласқан Ботай ауылынан ежелгі адамдар қонысының табылуы әлем ғалымдарының назарын аударған сенсациялы оқиға бол­ғаны талассыз шындық. Се­бебі, осы жерді мекен еткен ежелгі адамдар жылқыны ал­­­­ғаш қолға үйретіп, арбаға же­к­­кені, бие байлап, қымыз ашыт­­­қаны археологиялық қаз­ба­­лар арқылы дәлелденген. Та­рих дөңгелегін кері қа­рай 2 мың жылға шегерген әлем­дік жаңалықтың бас­тауын­да жерлесіміз, тарих ғы­лым­да­рының докторы Виктор Зайберттің есімі құр­мет­пен ата­лады. Ол Ботай қо­нысын 36 жыл бойы талмай зерт­теп келеді. Б.з.д. ІV мыңжылдықта пай­да болған ежелгі Ботай мә­де­ниетіне төрткүл дүниенің ерен қызығушылығы бірде-бір толастаған емес. Былтыр «Қазақ географиялық қоғамы» бірлестігінің бас болуымен ол туралы деректі фильм түсіріліп, Канада, Дания, Ұлыбритания, Франция елдерінен археологтар, генетиктер тартылған болатын. Түсірілімге Орландо Лудович, Алан Оутрам, Эске Виллерслев, Виктор Зайберт секілді танымал тұлғалар қа­тыс­қан. Канадалық продю­сер, режиссер және антрополог Найоби Томпсон же­текшілік ететін «Clearwater Documentary» телевизиялық ком­паниясы бірнеше сериялы ғылыми-танымдық де­рек­ті фильм түсіруді жоспарлап, алғашқы бөлімінде ботай­лық­тардың жылқыны қалай қолға үйреткені қам­тыл­ған. Оның пікірінше, жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы теріскейдің жазық даласында басталып, адамзаттың тағ­ды­рын түбегейлі өзгерткен. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы 20 гектар аумақты алып жатыр. Қоныс шамамен бір ғасырдан артық уақыт өмір сүрген. Қазба жұ­мыс­тары мұнда жыл сайын жүр­гізіледі. Археологтар қыш құ­мыраларды, ыдыс-аяқтарды, жыл­қының қаңқаларын көптеп кездестірген. – Былтыр мамыр айында осы қонысты мекен еткен адамның сүйегі табылды. Жер астынан қазып алын­­ған сүйе­к­тің гендік ақ­па­рат­та­ры бү­лінбес үшін арнайы зерт­ханаға тапсырылды, – дей­ді бүгінде Қостанай мем­ле­кет­тік педагогикалық инс­ти­­тутында жұмыс істейтін Виктор Федорович. Белгілі ұлыбританиялық по­леозоолог Алан Оутрам да Қамбар ата түлігі алғаш рет Ботайда үйретілгенін, бұл қо­ныс дала өркениетінің бас­тауын­да тұрғанын мойындайды. Шетелдіктер Ботай қо­ны­­сындағы түсірілімдерді биыл одан әрі жалғастырып, ал­ғаш­қы таныстырылымын Канада, АҚШ, Франция, Гер­ма­ния ел­дерінде көрсетуді бел­гі­леп отыр. Қазақстандық кө­рер­мен­дер фильмді 2018 жы­лы тамаша­лайтын болады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы