13 Қаңтар, 2017

Оңтүстік Қазақстанда құс шаруашылығы дамып келеді

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-01-17-Kus

Оңтүстік Қазақстан облысында құс шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Жалпы өңірде ірі және шағын 35 құс фермасы болса, онда 2 млн 638 мың құс бар. Олардан өткен жылы 300 млн дана жұмыртқа, 12,1 мың тонна құс еті алынған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгінде нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдер – құс етінің халықты қамтамасыз ету деңгейі 73,7 пайызға, ал жұмыртқамен қамту 75 пайызға жетіп отыр. Құс еті мен жұмыртқа импортын азайтып, облыс халқын отандық өніммен толық қамтамасыз ету мақсатында облыстың аудан, қалаларынан 2020 жылға дейін орта, шағын 78 құс фабрикаларын ашу жоспарлануда. Аймақта құс шаруашылығының дамуына 2016 жылы мемлекет тарапынан жалпы 2,29 млрд теңге көлемінде субсидия берілді. Оның  1,47 млрд 471 млн 440 мың теңгесі күрке тауық етіне, 132 млн бройлер етін өндіріп, көбейту шаруашылығына берілген. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі дамыту мақсатында 2017 жылы да шаруаларға 2,03 млрд теңгеге жуық субсидия бөлінетін болады. Өңірдегі құс фермаларының бірқатарына тоқталсақ. Ірі құс фермасының бірі «Ордабасы құс» ЖШС болса, мұнда 648 276 бас күрке тауық  өсіріледі. Ал «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-ында етті бағыттағы 250 мың бройлер тауығы болса, «Шымкент құс» ЖШС-ы жұмыртқа өндіру бағытындағы 646 900 бас құсты бағуда.