14 Қаңтар, 2017

ОҚО-да көші-қон тəртібін бұзған 973 дерек анықталды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мигрант» іс шарасы аясында 1000-нан астам заң бұзу дерегі тіркелген. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Мигрант» шарасы 4 күнге созылды. Осы уақыт аралығында еліміздің көші-қон тәртібін бұзған 973 дерек анықталды. Оның ішінде 365-і шетел азаматы. 41 тұлға сот шешімімен өз еліне қайтарылса,  244 адамға құны екі миллионнан астам теңге айыппұл салынды, - делінген хабарламада. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында 579 отандасымыз құжатсыз жүргені және тұрақты тіркеуге алынбағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған. Жеке куәлігі жоқ 26 тұрғын уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Полиция қызметкерлердің күшімен 40 адам  шетелдік жұмыс күшін тартуда заң талаптарын өрескел бұзған деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.