Иә, көктем келді дегенше, қазаққа наурыз келді десейші... Ұлыстың ұлы күні – наурызды қазекем «күн мен түн теңескен қасиетті күн, жаңа жыл, ырыс берекенің басы» деп санайды. Сол қасиетті күнді ырымдап, қалайда айтулы етіп қарсы алуға қам жасайды. Міне, осы халықтық мейрамға бір жарым миллиондай тұрғыны бар күңгейдегі бас қала ерте бастан дайындалады. Бүгін біз Алматы қаласындағы өндіріс, сауда орындары, әлеуметтік нысандары көп орналасқан ең ірі Бостандық ауданындағы дайындық барысымен танысу мақсатында аудан әкімі Зәуреш АМАНЖОЛОВАҒА жолыққан едік.
– Зәуре Жұманәліқызы, биылғы наурыз мейрамының жөні бөлек болғалы тұр. Кең байтақ Қазақстан көгінде көк байрағымыздың желбірегеніне 20 жыл толғалы отыр. Соған қарағанда, биылғы наурыз мейрамын барынша мазмұнды, барынша думанды өткізуге күш салып жатқан боларсыздар?
– Иә. Біз дайындықты наурыз айының алғашқы күнінен бастап, атқарылатын іс-шаралардың жобасын, жоспарын жасап, ықтияттап алғанбыз. Онда ең алдымен, өткізілетін бағдарламалардың мақсатын айқындадық. Ол – жастарды патриоттық, отансүйгіштік қасиетке баули отырып, өз мемлекетінің тарихына, ондағы тұратын Қазақстан халқының салт-дәстүрін, мәдениетін танып білуге, сыйлауға үндеу. 10-ы наурыздан әкімдіктегі әр бөлім мерекелік іс-шараны өз саласы бойынша өткізуді бастап жіберді. Мәселен, мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі наурыздың 10 мен 21 аралығында аудандық кітапхана мен оқу орындары кітапханаларында тәуелсіздіктің 20 жылдық рәміздерін пайдалана отырып, ұлттық мерекеге арналған кітап көрмесін, оқушылар конференциясын, сазды-поэтикалық кештер ұйымдастыруда. Сондай-ақ, «Атакент» кешенінде 22 наурыз күні аудандағы шығармашылық ұжымдар мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама, мектеп оқушыларының қатысуымен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіп, ауданға еңбегі сіңген азаматтарды марапаттап, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстаймыз.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» фестивалін өткізбекпіз. Аула клубтарының күшімен мәдени-ойын сауық шараларын, сонымен қатар аудандағы ұлттық-мәдени орталықтардың қатысуымен халық шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылады. Ал мектеп оқушылары арасында тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында «Көктем келді, Наурыз келді!» тақырыбында плакат, сурет салу бойынша және шығарма жазудан байқау өткізілмек. Және кішкене балақайлар арасында асфальтта сурет салудан да байқау ұйымдастырылады. Ең бастысы – абаттандыру бөлімі аудан бойынша барлық мекеме, кәсіпорын, ұйымдармен бірлесе отырып, санитарлық тазалық жұмысын жүргізуге күш салады. Сонымен қатар «Атакентте» сауда мекемелері, кәсіпорындар халық тұтынатын тауарлар, ұлттық тамақтар түрлерін, кулинарлық тәттілерді, сусын сатуды ұйымдастырмақ. Әрине, наурыз көжесіз қандай мейрам болсын, Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық тағамдарын әзірлейтін аудандағы ең үздік мейрамханалар тегін наурыз көже, бауырсақ, палау, т.б. ас мәзірін ұсынса, әлеуметтік сала бөлімі наурыз мерекесіне орай жағдайы төмен, жалғызілікті, мүгедек, жетім балалар мен қарттарға арналған қайырымдылық акциясын өткізіп, жағдайы төмен зейнеткерлерге азық-түлік пакетін дайындап, ал мүгедектерге дәрі-дәрмек препараттарын таратады. Бәрін тізе бермей-ақ қояйын, басқа да іс-шаралар наурыз айы бойы жүргізілмек.
Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14