14 Қаңтар, 2017

Ақтөбе облысының аудан əкімдері 2016 жыл бойынша есеп берді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бердібек Сапарбаев облыстағы 12 аудан мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын тыңдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Барлық әкімдердің есебін тыңдаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев 2017 жылы экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін барлық резервтерді анықтап, оларды пайдалануға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. « Көптеген мәселелерде мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін пайдалануға болады және бұл қажет те, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы, жол құрылысы, халықты жұмыспен қамту, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерді шешу жұмыстарын күшейте түсу керек. Азық-түлік қауіпсіздігі әлеуетін әрі қарай өсіру және ауылдықтарды жұмыспен қамту мақсатында егіс алқабын,  суармалы жерлерді кеңейту, мал шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, өндірістік ауыл шаруашылық кооперативтерін құру, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша жобалардың жүзеге асырылуын жандандыра түсу қажет»,- деді Бердібек Сапарбаев. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс ауыл шаруашылығында құны 3,2 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы нақты көлемінің көрсеткіші 8,6%-ға, дәнді дақылдың орташа түсімділігі 2,2 есе өсті. Ірі және ұсақ қара мал басы, жылқы, құс саны өсті. 72 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, қолданыстағы суармалы жер аумағы 18 600 гектаран асты. Тағы 19,5 мың гектар суармалы жер халықаралық Еуропалық қайта құру және даму және Ислам даму банктерінің көмегімен қалпына келтірілмекші.