15 Қаңтар, 2017

СҚО əкімі базардағы бағаларды тексерді

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170114144013 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қалалық базарларды аралады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі. Өңір басшысы ең алдымен «Солтүстік» базарындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне барды. Мұнда Қызылжар аудандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды.  Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаровтың сөзіне қарағанда, осындай жәрмеңкелер апта сайын «Корона», «Дария», «Алтын Арман» базарларында өтеді екен. Облыс әкімі жұмыс сапарының тағы бір тармағы Болатбаев және Чкалов көшелерінде орналасқан «Низкоцен» сауда орталығын аралау болды. Мұндағы қазақстандық тауарлардың үлесі 70%-ды құрайды. Барлығы 8 мыңға жуық өнімнің түрлері ұсынылып отыр. Бұл жерде де облыс әкімі тауарлар мен олардың бағаларымен танысты.