16 Қаңтар, 2017

БҚО ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170116132530 Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып конкурстық негізде Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов тағайындалды, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырды. Бақытжан Нарымбетов Орал қаласында дүниеге келген, 30 жаста. Білімі жоғары. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының магистрі. 2007 жылдан Астана және Алматы қалаларында үкіметтік емес ұйымдарда жетекшілік қызметтер атқарған. 2013-2014 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің басшысы, 2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың сәуіріне дейін Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді. Соңғы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары міндетін атқарды. Үйленген, бір ұлы бар.