19 Наурыз, 2011

Сыр бойы сайлауға дайын

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда алдағы президенттік сайлауға дайындық ба­рысы пысықталды. Бүгінде Сырдың бойын жағалай қонған ел президенттік сайлауға тас-түйін дайын десе болады. Дайындық ба­рысын Астанадан арнайы келген Орталық сайлау комис­сия­сы­ның сарапшысы Венера Жексембекова да көзімен көріп кетті. Бүгінде облыс бойынша сай­лау­шылардың тізімі алынып жа­тыр. Осыған дейін тіркелгендер саны 375 425 адамды құраған. Тізім алу жұмысы 2 сәуірге дейін жал­ғаса береді. Сондықтан мұны сайлаушылардың нақты саны деп айтуға келмейді. Дәл қазір облыс бойынша 335 сайлау учаскесі құ­ры­лып, комиссия мүшелері бекітілген. Ал сайлау учаскелерінің төр­ағалары мен орынбасарлары Білім жетілдіру институтында ар­найы дәріс алған. Сөз арасында айта кетейік, сайлау учаскелерінің төрағалары тек Қызылорда облы­сын­да ғана білімін жетілдіріп жа­тыр. Қалған аймақтарда мұндай іс-шара өтпеген. Және білім жетілдіру жұмыстарының ақылы негізде жүргенін де айта кетуге тиіспіз. Президенттіктен үміткерлер­дің үнпарақтары мен плакаттары толығымен алынған. Олар барлық сайлау учаскелеріне жеткізіліп, орналастырылған. Сонымен қатар, облыс бойынша 4 үміткердің 1427 сенім білдірілген адамдары  тіркеліп, қажетті құжаттары екі тілде берілген. Сенім білдірілген адам­дарды тіркеу мұнымен біткен жоқ. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Отырыс барысында Қызыл­ор­да қаласы мен Жаңақорған ауда­нын­дағы сайлау учаскелерінің де жай-күйі айтылды. Президенттік сайлауға қатысты атқарылып жатқан барлық іс баян етілді. Еліміз тағы бір сын сағатының алдында тұрғаны анық. 3 сәуір күні болатын сайлауға дайын­дық­тың да қайта-қайта пысықталып, барлық іс-әрекеттің заң шең­бе­рінде жасалып жатқаны да сон­дық­тан. Ал бұл тарапта Қы­зыл­орда облыстық сайлау комиссиясы ал­дағы президенттік сайлауға бар­лық тұрғыдан дайын деуге негіз бар. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.