2011 жылғы 17 наурыз, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына мынадай өзгертулер енгізілсін:
1-тармақта:
төртінші абзацында:
«12 күн» сөздері «13 күн» сөздерімен;
«1» саны «2» санымен ауыстырылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б. С. Кәрімжанов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. ӘБДІРӘСІЛОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6830 болып енгізілді.