Қоғам • Бүгін, 07:50

Мемлекеттік қызмет музейі құрылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаудың мемле­кет­тік қызмет саласының тарихы музей төріне топтасты. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігінің Маң­ғыстау облыстық филиалы жанынан мемлекеттік қызмет музейі құрылды.

Мемлекеттік қызмет музейі құрылды

Еліміздегі мемлекеттік қызметтің қалыптасу және даму кезеңдерін жүйелеп, тарихи мұрасын сақ­тау әрі жас буынға үлгі ету мақсатындағы бұл бастама ұр­пақ сабақтастығын нығай­тып, мемлекеттік қызмет құнды­лығын кеңінен насихаттауға бағытталған.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға әрі халық­тың мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік қызметшінің позитивті имид­жін қалыптастыру жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында академияның филиалдары базасында әр облыста музей құру көзделген», деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Музей еліміздегі және өңірдің мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктерді көрсете отырып, саладағы қызмет­шінің оң имиджін қалып­тастыруға ықпал ететін болады.

«Музей мемлекеттік қыз­меттің маңыздылығын насихаттау үшін тарих, инновация және білімді бірік­тіретін бірегей алаң болады. Нәтижесінде, атал­ған қызметті қоғам мемлекет дамуының не­гізгі элементі ретінде қабыл­дауын күшейтеді», деді Президент жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы Маң­ғыстау облыстық филиалының директоры Айгүл Демеуова.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10