19 Қаңтар, 2017

"Ырыс" микроқаржы ұйымы 7 жылда 14 мың жоба қаржыландырды

532 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
65_1 2009 жылы шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосу мақсатында құрылған «Ырыс» микроқаржы ұйымы 7 жылда 14 мыңға жуық ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» АИО еншілес мекемесі «Ырыс» микроқаржы ұйымы директорының міндетін атқарушы Ербол Сүлешов мәлім етті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Өз кәсібін бастаймын немесе әрі қарай дамытамын деген кәсіпкерлерге төменгі пайызбен қол жетімді несие беретін ұйым 2016 жылы 4 831,3 млн теңгені құрайтын 1979 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 1398 адам тұрақты жұмыспен, ал 3 мың адам мерзімді жұмыспен қамтылды. 2016 жылдан бастап аталған ұйым «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Республикамыздың 5 өңірінде пилотты жоба ретінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен қосымша қаражат бөліп, әр өңірдің өзінің ерекшілігіне қарай қажетті салаларын қаржыландыру мақсатында, несие сомасын 6 млн. теңгеге дейін көтеріп, кәсіпкерлерді несиелендіруді қолға алған. Осы бағыт бойынша Оңтүстік Қазақстанға 3,39 млрд.теңге қаражат бөлінген. «Қазіргі уақытта бағдарлама аясында бөлінген қаражат біздің мекеме арқылы бағдарлама қатысушыларына таратылуда. 2016 жылдың қазан айынан бастап жалпы құны 2,21 млрд. теңгені құрайтын 765 жоба мақұлданып, оның ішінде құны 1,34 млрд.теңгені құрайтын 448 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 472 азамат жұмыспен қамтылды. Бағдарламаны 2017 жылдың сәуір айына дейін толық игеру жоспарлануда»,- деді Ербол Сүлешов. «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2017 жылы 5 700,0 млн. теңгеге 1436  жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр.