БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 6-бабының 13) тармақшасын және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндіру қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi Экономикалық даму және сауда министрi ______________ А.Күрiшбаев. _____________Ж.Айтжанова. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 255 бiрлескен бұйрығымен бекітілген нысан Биоотын өңдіру қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер үшiн тексеру парағы Органның атауы _________________________________________________ ____________________________________________________________________ Тексерудi тағайындау туралы акт _______________________________________ (№, күнi) Субъект атауы _______________________________________________ СТН (БСН, ЖСН) ____________________________________________________ Субъектiнiң орналасқан мекен-жайы_____________________________________ ____________________________________________________________________№ | Талаптардың тiзiмi | Қойылатын талаптарға сәйкестiгi* | Қойылатын талаптарға сәйкес еместiгi** |
1 | Биоотынға кейiннен қайта өңдеу үшін қолданатын тамақ шикiзатына арналған квота нормаларын сақтау | ||
2 | Биоотын өндірісі кезінде қолданатын тамақ шикізаты (бидай сыныбы) | ||
3 | Биоотын өндірісі бойынша сол бір зауытта биоотын өндірушілердің санының сәйкестігі | ||
4 | Биоотын өндірісі паспортының болуы | ||
5 | Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы (оның жөнділігі) | ||
6 | Шикізаттың генетикалық түрлендiрiлген көзi (объектiсi) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендiрiлген көздердi (объектiлердi) қамтымайтындығын растайтын, олардың қауiпсiздiгiн ғылыми негiзді расталған және мемлекеттiк тiркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы |
жоғарғы дәрежедегi тәуекел | орта дәрежедегi тәуекел | аз дәрежедегi тәуекел |
- | - | - |